27 қазан Ахмет Жұбанов атындағы Халықаралық жас орындаушылар байқауының 1-ші күні өтті.
Байқаудың салтанатты ашылуында мектеп директоры Әшіров Нүркен Нұрғалиұлы барлық қатысушыларға ақ жол тілеп, қонақтарды жылы қарсы алды.
Шет елдерден арнайы келген әділ қазылар алқасы еліміздің қонақжайлығына ризашылықтарын білдірді. Барын салып дайындалған қатысушыларға жиналған жұрт та қызу қолдау көрсетіп отырды.
Жалпы бұл байқауға ішекті және үрмелі аспаптар номинациялары бойынша жан-жақтан жиналған өнерлі балалар қатысуда. Қатысушылардың барлығы да өнерлі екендерін киелі сахнада дәлелдеп жатыр. Бәсекелестік деңгейі өте жоғары. Сондықтан, әділ қазылар үшін қорытынды шешімді қабылдау оңайға тиіп жатқан жоқ. Алдағы апта нағыз дарындыларды анықтайды.Сондықтан тағы да сәттілік тілейміз!