Экологиялық сағат

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі жалпы білім беретін мектептерде өсіп келе жатқан ұрпақты ұқыпты қарау және табиғи ресурстарды сақтау мәселелеріне тарту мақсатында Республикалық экологиялық сағат өтетіндігін хабарлаған болатын.

Осыған орай, 2019 жылдың 2 қазан күні Ахмет Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған РҚМММИ мұғалімдері мен оқушылары мектептің ауласына көшет отырғызып, табиғатқа қамқорлық жасау мақсатында экологиялық сағат өткізді.

Оқушылардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттырып, экологиялық тәрбие негізін қалыптастырып, танымдық белсенділігін арттыру мақсатында ұйымдастырылған бұл экологиялық сағаттың бала тәрбиесіне ықпалы зор болды. Өсімдіктерге қамқорлық жасап, гүлдерге су құйып, ағаш отырғызып ауланы тазалау арқылы табиғаттың байлықтарына қамқорлық жасауды жас кезінен саналарына түйді.