Қасым-Жомар Кемелұлы Тоқаевтің мақаласын қолдау мақсатында жиын өтті

Бүгін мектебімізде Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомар Кемелұлы Тоқаевтің «Абай және XXI ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласын жан-жақты қолдап, насихаттау мақсатында мектеп ұжымымен жиын өтті.

Мақаланы директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Жырғаланова Нұрия Қожақызы мазмұнын баяндап, оқып берді.
Мақала бойынша пікірлерін айтып, ой бөліскен ұстаздар:Мұстафаев Ерболат Жұмашұлы, Бекимова Дана Тельтайқызы, Аксакалова Марфуға Сейтқалиқызы.

Мектеп директоры Н.Әшіров Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына арналған мәдени іс-шараларды жан-жақты ұйымдастыруға тапсырма берді. Оның өлеңдері мен қара сөздерін оқушыларға жан-жақты насихаттап, ой-өрістерін кеңейту керектігін айтты.

Жиын барысында мемлекет басшысының мақаласында көрсетілген өзекті мәселелерге назар аударылып, мектеп ұжымы пікірлерін білдіріп, ұсыныстар айтты.
«Біз елді, ұлтты Абайша сүюді үйренуіміз керек. Ұлы ақын ұлтының кемшілігін қатты сынаса да, тек бір ғана ойды – қазағын, халқын төрге жетелеуді мақсат тұтты» деп, Қасым-Жомарт Кемелұлы мақаласында ұлтты жаңғыртуға жол ашатын маңызды қадамның бірі – Абайдың еңбектерін оқып, оны санаға түю арқылы елдік мұратымызды асқақтатып, ұлт бірлігін биіктету міндеті алға қойылған. Осыған байланысты қазақтың бас ақынының 175 жылдық мерейтойын мектеп ұжымы болып бірігіп, үлкен жауапкершілікпен қарап, көптеген іс-шаралар өткізу жоспарланды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған