Сәт сапар саған, Жас түлек!

4 – маусым күні мектебімізде карантиндік талаптарды сақтай отырып, биылғы бітіруші түлектерімізге аттестат табысталды.

Оқушылар арасында арақашықтық сақталып, бетперде, қолғаппен сақтық шаралары орындала отырып соңғы қоңырау соғылды.

Ерекше жағдайда өткен қоштасу болса да, түлектеріміз алтын ұя мектептерімен қоштасып, қолдарына аттестат алып, ақ тілектерге бөленіп, мектепке қол бұлғады.

Мектеп директоры Әшіров Нұркен Нұрғалиұлы түлектерімізге естелік сый ретінде жүрекжарды тілегімен, өз қолтаңбасымен Абайдың 175-жылдығына орай “Абайдың қара сөздері” кітабын сыйға тартты.

Биылғы жылды ойдағыдай аяқтаған түлектерімізге, сәттілік тілеп, сыннан сүрінбей, қалаған жоғары оқу орнына түсулеріне тілектеспіз!
Сәт сапар саған, Жас түлек!!!