Мектебімізде мектеп психологы – Аксакалова Марфуга Сейтқалиқызы және информатика пәні мұғалімі: зерттеуші-педагог – Жартаева Гульзира Жиеналықызының ұйымдастыруымен 9 – сынып оқушылары арасында “Кибербулинг: балалардың әлеуметтік желідегі қауіпсіздігі” атты дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелдің мақсаты: оқушыларға кибербуллинг – зорлық-зомбылық туралы мағлұмат беру. Жаман әдеттерден бойларын аулақ ұстауға тәрбиелеу.
Кибербуллинг – адамды интернетте, әлеуметтік желі мен түрлі мессенджерлерде қорқытып, зорлық көрсету. Кибербуллингке кез-келген адам тап болуы мүмкін. Бірақ бұл тәсілмен шабуыл жасайтындар негізінен кәмелет жасына толмаған мектеп оқушыларын нысанаға алады. Өйткені, қорғансыз балалар қорыққанынан өзіне қысым жасалып жатқаны туралы ешкімге айтпайды. Тіпті ата-анасы мен жақындарына тіс жармай, шабуылшының айтқанынан шықпайды.
Балаларды ғаламторлық қысымнан қорғайтын заң 21 елде бар. Ал Қазақстанда кибербуллингтің құрбандары туралы ешкім статистика жүргізбейді. Сондықтан, мамандар Ұлыбритания мен Ресей тәжірибесінің негізінде буллингтен қорғану туралы кодекстің үлгісін әзірлеген. Онда тек виртуалды кеңістікте ғана емес, жалпы зомбылық көрген балаларға көмектесу жолдары туралы ата-аналар мен ұстаздарға нұсқаулар жазылған.
Сондай-ақ, мұндай жағдайға тап болмау үшін қандай әрекет ету қажеттігі айтылады. Енді қаланың білім басқармасы мен барша мектеп ұжымы осы бағдарламаны жетілдіріп, маусым айына дейін бекітуі тиіс. Сөйтіп, балаларды бопсалау мен қысымнан қорғап, аман алып қалуға болады.