“Отбасы – бақыт мекені” атты дөңгелек үстел өтті

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Күнсұлу Батырбайқызы Салимова 8 “Ә” сынып оқушыларымен “Отбасы – бақыт мекені” атты дөңгелек үстел өткізді.

Мақсаты: Отбасы құндылықтарын дәріптеу; бала тәрбиесіндегі ата-ананың көзқарасын кеңейту; ұстаз – оқушы – ата-ана өзара қарым-қатынастарын жақсарту; отбасындағы сүйіспеншілік, сыйластық сезімдерді нығайту.

Ата-ананың тілегі баласының жақсы адам болуы, еңбек сүйгіштігі, оқу мен еңбектегі табыстары.
Баланы баптап бақпасаң.
Жамандықтан қақпасаң
Қадірден жұрдай қасқа боп.
Кешкенің өмір босқа тек – дегендей баланың ыстық суығына күймейтін, жақсылығына сүйінбейтін ата ана жоқ шығар. Бүгінгі ұл ертеңгі әке, ол әкеге қарап өседі, бүгінгі қыз ертеңгі ана, ол анаға қарап өсіп, бой түзеді. Балаға білім, тәрбие беруде басты тұлға ұстаз болса, оны жалғастырушы демеуші ата ана.

Отбасы адамзат бесігін тербеткен ұя болса, баланың бас ұстазы ата-ана. «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» деген ата бабамыздың қалған асыл сөздің сырына үңілер болсақ, бала әкеден ақыл, анадан мейір алады.
Балаң жақсы тәрбиелі болса, о дүниеде Алла Тағаланың алдында бұл дүниеде адамзат арасында да жүзің жарқын болады дейді сүйікті пайғамбарымыз Мұхаммед хадистерінің бірінде, біздің балаларымыз әлі жас шыбық тәрізді, түбі нәрлі болса, мәуелі болып өседі, нәрі әлсіз болса, жапырағы қураған ағаш тәрізді білімсіз, ғасыр індетіне айналған азғындық жолына түсіп, соның құрбаны болуы өсуі үшін ата-аналардың азаматтық борышы өте зор.

Макаренконың «Біздің балаларымыз біздің қартайған шағымыз. Дұрыс тәрбие бұл бақытты қарттық, нашар тәрбие бұл біздің болашақтағы сорымыз, бұл біздің көз жасымыз, бұл біздің басқа адамдар мен бүкіл ел алдындағы кінәміз» деп айтқандай бақытты қарттық көргіміз келсе, балаларымызды жақсылап тәрбиелейік. Баланың бас ұстазы-ата-ана. Отбасы мерекесі құтты болсын!