Ахмет Жұбанов атындағы XVIII Халықаралық жас орындаушылар байқауына қатысуға өтінім

Ахмет Жұбанов атындағы Халықаралық жас орындаушылар байқауы Қазақстан Республикасы Мәдениет  және  ақпарат  министрлігінің  қолдауымен  2024  жылдың  27  қазан  – 1 қараша аралығында Ахмет Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған республикалық қазақ мамандандырылған музыка мектеп-интернатының базасында өткізіледі.

Мекен-жайы: 050008,Алматы қ. Әуезов көшесі, 66/5       

тел/факс: 8 (727)375 55 42, 8 (727) 375 55 39    

e-mail: zkonkursnarodniki@mail.ru

Байқаудың мақсаты мен міндеттері:

  • Балалар мен жастардың шығармашылық тұрғыда жетілуіне жағдай жасау;
  • Өнерлі, дарынды жас орындаушыларды анықтау;
  • Балалар мен жастарды дәстүрге, мәдениетке және ұлттық шығармашылыққа тарту;
  • Олардың бойында музыкалық-эстетикалық тәрбиені жетілдіру, орындау шеберлігін арттыру.

Конкурстың ережелері мен талаптары: